Қазақстанда азық-түлік бағалары белгіленд

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы белгіленді. Сауда, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгіннен бастап келесі тауарларға шекті бағалар белгіленеді: бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, түтік кеспе (таразыда өлшенетін), қарақұмық жармасы, тегістелген күріш, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), тауық жұмыртқасы (І санат), күнбағыс майы, ас тұзы (“Экстрадан” басқа).

“Соңғы айдағы азық-түлік тауарларына жасалған талдау нәтижесінде, бұл қазақстандықтардың жиі сатып алатын тауарлары болып шықты. Биылғы жылдың басынан бері дәл осы тауарлардың бағасы өсті”, – делінген хабарламада.

Әр өңір үшін баға бөлек белгіленген. Мәселен, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бір келі нанның Нұр-Сұлтандағы ең қымбат бағасы 150 теңге, Алматыда – 146 теңге, Шымкентте – 146 теңге бола алады.

Өңірлерде: Маңғыстау облысында – бір келі нан үшін 164 теңге, Ақтөбе облысында – 147, Атырау облысында – 164, Ақмола облысында – 160, Қостанай облысында – 139, Қызылорда облысында – 143, БҚО – 160, ШҚО – 150, Павлодар облысында – 161, СҚО – 120, Алматы облысында – 144, Жамбыл облысында – 138, Түркістан облысында – 148 теңге.

Қарағанды облысында бағалар елді мекендерге байланысты белгіленген. Онда бір келі нанның құны 142-ден 160 теңгеге дейін.

Алайда бір бөлке нан (кірпіш) – 550 грамм. Осылайша, нан (кірпіштің) бағасы, мысалы, Нұр-Сұлтанда – 82,5 теңгеден, Алматы мен Шымкентте – 80,3 теңгеден аспайды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсатсыз баға көтерілсе, 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісі Нұр-Сұлтанда – 197, Алматыда – 211 болуы тиіс. Ал кеспе астанада – 230, Алматыда – 209 теңге.
Екі қалада қарақұмық жармасының бағасы бірдей – 339 теңге.
Күріш Нұр-Сұлтанда -307 теңге, Алматыда – 310 теңге тұрады.
Сиыр еті астанада 2113 теңге және Алматыда – 2169.
Он жұмыртқа – тиісінше 351 және 367 теңге.
Күнбағыс майы Нұр-Сұлтанда – 481, Алматыда – 434.
Тұз – 55 теңге, Алматыда 59 теңге.