Қазақстанда бес адам теракт жасамақ болған – ҰҚК

Деструктивті діни ағымның бес ізбасары қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“2020 жылы 27 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды ​​мен Таразда лаңкестік күдігімен деструктивті діни ағымның бес ізбасарын ұстады, олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Олардың бәрі бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар”, – деп атап өтті департаменттегілер.

Бұл адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстінің 257-бабы, яғни “Террористік топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу”, сондай-ақ 256-бап, яғни “Терроризмді насихаттау” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеушілердің айтуынша, бұл топ республикамызда халық көп жиналатын жерлерде теракт жасау мақсатында құрылған. Тергеу жүріп жатыр.