Қазақстанда бір тәулікте 218 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда соңғы бір тәулікте 218 адамнан коронавирус табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Өсім – 3,2 пайыз.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан – 32 (2,5 пайыз)
Алматы – 37 (2 пайыз)
Шымкент – 50 (11,4 пайыз)
Атырау облысы – 23 (3 пайыз)
Қостанай облысы – 12 (12,2 пайыз)
Түркістан облысы – 5 (2,1 пайыз)
Қарағанды облысы – 24 (9,1 пайыз)
Батыс Қазақстан облысы – 10 (3 пайыз)
Қызылорда облысы – 5 (2 пайыз)
Алматы облысы – 7 (3,3 пайыз)
Жамбыл облысы – 9 (4,3 пайыз)
Маңғыстау облысы – 1 (0,6 пайыз)
Ақтөбе облысы – 3 (1,3 пайыз).

Коронавирус жұқтырған 129 адам аурудан жазылып, ауруханадан шығарылған.

Қазақстанда жалпы 6969 адамнан коронавирус табылған, ал аурудан айыққан науқастар саны 3598 адамға жетті. 35 адам қайтыс болған.