Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500-ге жетті

2020 жыл, 4 сәуір, сағат 09:15 уақытындағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының тағы 36 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның ішінде Алматыда – 16, Атырау облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 7, Жамбыл облысында – 1, Шымкент қаласында – 1, Түркістан облысында – 4, Маңғыстау облысында – 1 және Қарағандыда – 4.

Жалпы еліміз бойынша коронавирустың 500 жағдайы расталды, оның ішінде:

Нұр-Сұлтан – 202,

Алматы – 109,

Қызылорда облысы – 26,

Қарағанды ​​облысы – 26,

СҚО – 25,

Түркістан облысы – 23,

Атырау облысы – 22,

Ақмола облысы – 19,

Шымкент – 12,

Алматы облысы – 9,

Жамбыл облысы – 9,

Ақтөбе облысы – 7,

Шығыс Қазақстан облысы – 4,

БҚО – 2,

Маңғыстау облысы – 3,

Павлодар облысы – 1,

Қостанай облысы – 1 жағдай.