Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды

Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы екі жағдайы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазір елде ауруды жұқтырғандардың жалпы саны – 35 адам.

Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы екі жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирус бойынша 35 жағдай расталды. Олардың 17-сі – Алматыда, 18-сі – Нұр-Сұлтан болған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.