Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 150-ге жетті

матыда коронавирустың тағы 5 оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, елде COVID-19 жұқтырғандардың саны 150-ге жетті.

“Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 150 оқиғасы расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 75 жағдай, Алматы – 55 жағдай, Қарағанды – 4 жағдай, Жамбыл облысында – 3 жағдай, Атырау облысында – 3 жағдай, Ақмола облысында – 3 жағдай, Шымкент – 2 жағдай, Алматы облысында – 1 жағдай, Ақтөбе облысында – 1 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 жағдай, Павлодар облысында – 1 жағдай, Маңғыстау облысында – 1 жағдай”, – делінген хабарламада.