Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 66 адамға жетті

Алматыда екі адам коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

“Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, жалпы 66 науқас тіркелді“, – делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында бүгін Нұр-Сұлтанда екі адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.