Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді, деп Tengrinews.kz тілшісі.

“Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам Нұр-Сұлтанда, Алматыда 3 адам тіркелді. Індетті жұқтырғандардың саны 265 адамға жетті”, – делінген хабарламада.

Соңғы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қауіпті індетті жұқтырған 162 адам, Алматыда – 67, Шымкентте – 2, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 6
Алматы облысы – 4, Ақтөбе облысы – 1, Атырау облысы – 6, Шығыс Қазақстан облысы – 2,
Жамбыл облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Солтүстік-Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1 науқас анықталды. Коронавирустан 18 адам жазылды, 1 науқас қайтыс болды.