Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 204-тен асты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“2020 жылғы 28 наурыз сағат 11:50-дегі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 11 жағдайы тіркелді. Оның ішінде Нұр-сұлтан қаласында-10 жағдай, Алматы қаласында – 1 жағдай”, – делінген хабарламада.
Бүгінде елімізде коронавирусты тіркеудің 204 жағдайы расталды, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан – 117 жағдай,
Алматы қаласы – 58 жағдайларды,
Қарағанды қаласы – 4 жағдай,
Жамбыл облысында – 3 жағдай,
Атырау облысы – 4 жағдай,
Ақмола облысы – 5 жағдай,Шымкент қаласы – 2 жағдай,
Шығыс қазақстан облысы – 2 жағдай,
Алматы облысында – 4 жағдай,
Ақтөбе облысында – 1 жағдай,
Солтүстік Қазақстан облысы – 1 оқиға,
Павлодар облысы -1 жағдай,
Маңғыстау облысында – 1 жағдай,
Қызылорда облысы – 1 оқиға.