Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 100-ге жетті

Нұр-Сұлтанда коронавирустан 3 науқас көз жұмды. – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 маусым сағат 10.00 Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды.

“Ер адам – 1963 жылы дүниеге келген және әйел адамдар – 1952, 1946 жылы дүниеге келген. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 100 адам қайтыс болды.