Қазақстанда коронавирустан тағы 8 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы 8 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

“Түркістан облысы – 1950 және 1958 жылдары туған әйелдер, 1962 жылы дүниеге келген ер адам, Шымкент қаласы – 1962 жылы туған әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласы – 1954, 1958 және 1952 жылдары туған әйелдер, 1950 жылы дүниеге келген ер азамат”, – делінген хабарламада.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 113 адам қайтыс болды.