Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Қарағанды облысында 61 жастағы науқас коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жедел штабқа сілтеме жасап.

“Қарағанды облысында коронавирустан адам өлімі тіркелді. 1958 жылы туған науқас қайтыс болды”, – делінген хабарламада.

Осылайша, Қазақстанда індеттен 26 науқас қайтыс болды. Ал COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 3877-ге жетті.