Қазақстанда күн күрт суытады

Синоптиктер 7-9 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды tazael.kz

Қазақстанның оңтүстік облыстарында ауа-райы циклоны ауысып, күн күрт суытады. Ылғалды қар жауып, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

– Ал еліміздің қалған бөлігіне Ресейдің еуропалық бөлігінен ауысып келген атмосфералық фронттардың әсерінен қарлы боранға оранады деп болжанады. Кейбір жерлерде қар жауып, қатты жел соғады, күн күрт суытады, делінген хабарламада.

Күннің күрт сууына қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деп күтіледі, тек еліміздің оңтүстік пен шығыс өңірлерінде температура орташа мерзімді мән шегінде болады деп болжанады.