Қазақстанда күн күрт жылынады

“Қазгидромет” РМК 25-27 ақпанға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Сібір антициклонының беті қайтып, жауын-шашын тоқтап, күн шайдай ашылады. Алайда Қазақстанның көптеген аймақтарында таңертең және түнде болып жүрген тұман сейілмейді.

Жауын-шашын қазірдің өзінде республиканың батыс аймақтарына ауысуда. Бұл өңірде көктайғақ болады деп күтіледі. Бұл – елімізге жылжып келген кезекті Атлантикалық циклон, соған байланысты ауа-райы күрт жылынып, қардың соңы жаңбырға ұласады. Осы сипаттағы ауа легі батыстан шығысқа қарай жылжып, Қазақстанның қалған бөлігінде де жауын-шашын мен көктайғақ күтілетін болады. Алдағы үш тәулікте ауа-температурасы климаттық нормадан 4 … 12 ° C жоғары болады, делінген хабарламада.