Қазақстанда мектеп оқушылары каникулға жіберіледі

Қазақстанда бұқаралық қоғамдық шаралар өткізуге уақытша тыйым енгізілді,деп хабарлайды zakon.kz.

13 наурыздан бастап коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде спорттық және мәдени ойын-сауыққа тыйым салынады.

Санитарлық және дезинфекциялық режимдер күшейтілді, мектеп оқушыларына экскурсия жасауға тыйым салынды.

Оқушылар демалысқа 16 наурыздан 5 сәуірге дейін жіберіледі.