Қазақстанда мессенджерлер мен әлеуметтік желілер істен шықты

Қазақстанда мессенджерлер мен әлеуметтік желілер істен шықты. Дәл осы сәтте Whatsapp, Telegram мессенджерлері мен Instagram мен Facebook әлеуметтік желілері жұмыс істемей тұр.

Қолданушылардың сөзінше, мессенджерлерден хабарлама жіберуде қиындықтар туындап, әлеуметтік желідегі ақпарат жаңармай жатыр.

Қазақстандықтар қарапайым SMS-хабарлама арқылы сөйлесуге көшкендерін айтуда.

Еске сала кетейік, кеше де дәл осындай қиындық туындаған болатын.