Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады

Әлемде коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда бұқаралық шаралар өткізілмейтін болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Twitter-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.

“ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс” деп жазды Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз жазбасына: “Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз” деп қосты.