Қазақстанда сауда орталықтары мен базарлар қайта жұмыс істейтін болды

Каратин енгізілмеген аумақтағы сауда орталықтары мен базарларға төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі “Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы” Қазақстан Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымды бекіту туралы”  ережесіне өзгеріз енгізген.

Алайда карантин енгізілген аумақта (Нұр-Сұлтан және Алматы) бұл ереже күшіне енбейді.

Өзгеріске сәйкес, аумағы кемінде 2000 шаршы метр болатын ірі сауда объектісінің (сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары) жұмыс уақыты сағат 10:00-нан кешкі 18:00-ге дейін шектеліп, санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейеді.

Сондай-ақ ондағы азық-түлік, дәрі-дәрмектер және азық-түлік емес тауарларын сататын объектілер қалыпты режимде жұмыс істейді, санитарлық және дезинфекция шараларды қатаң сақтайды.

Азық-түлік тауарларын сатпайтын базарлар сағат таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Онда да санитарлық және дезинфекциялық шаралар қатаң сақталады.

Үйдегі шағын маркеттер, дүкендер қалыпты режимде жұмыс істейді. Олар да санитарлық және дезинфекциялық шаралар қатаң сақтауы шарт.

Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына да шектеу қойылады:

  • – сауда объектілерінің аумағында орналасқан тамақтану орындары тұтынушыға тауарды (тамақ, сусындар және тағы басқа) жеткізіп беру қызметінің көмегімен немесе басқа да қызметпен жеткізуі тиіс;
  • – сауда объектілерінің аумағында орналасқан тамақтану орындары кешкі 22:00-дейін жұмыс істейді. Ондағы адамдардың саны 50 адамнан кем болмауы керек.