Қазақстанда тағы 17 адамнан коронавирус анықталды

“Қазақстандағы коронавирус бойынша 31 наурыз сағат 09:40 жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 9 адам, Қызылорда облысында – 3 адам, Атырау облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам”, – делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 10 адам, Атырау облысы – 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам,  Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 8 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 325 науқас тіркелді.