Қазақстанда Жастар жылына қанша ақша бөлінеді? – Ел жаңалықтары

Қазақстанда Жастар жылына республикалық бюджеттен 24,6 миллиард теңге бөлінеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“18-29 жас аралығындағы азаматтарға 3 миллион теңге көлемінде 200 грант бөлінеді. Ол үшін “Бизнестің жол картасы 2020″ бағдарламасы аясында 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Гранттар инновациялық, IT, сондай-ақ, тиімді және қажетті бизнес жобаларды таныстырған жастарға бөлінеді. Бұл жастарға кәсіпкерлік ынтасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, мемлекеттің қаржыландыруы арқылы жақсы start up бастауға мүмкіндік береді”,   -деді қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 9 мың мемлекеттік грант бөлу қарастырылып отырғаны айтылады.

Вице-министр гранттардың “Бастау Бизнес” жобасындағы кәсіпкерлік негіздері курстарынан өткен қатысушыларға берілетінін айтты.





Дереккөз: kaz.tengrinews.kz