Қазақстандық 61 қаламгердің туындысы БҰҰ-ның 6 тілінде жарық көреді

Қазақстанның 61 қаламгерінің туындылары Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тілінде жарық көреді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің  тұңғыш форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды. Қазақ қаламгерлерінің туындылары арқылы дүниежүзі жұртшылығы ұлттық руханиятымызды танып, білуде. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5  құрлықтағы 90-нан астам  елге, яғни, 2,5 млрд оқырманға тарайды», – деді Қ.Тоқаев. Қазақстан Президентінің атап өтуінше, бұл қазақ әдебиеті тарихында бұрын-соңды болып көрмеген бірегей оқиға болмақ. Еске салсақ, елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр. Оған әдебиет бойынша Нобель сыйлығының 3 номинаты қатысуда. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын  тағайындауды ұсынды

inform.kz