Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті – Бокс

Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (4-1, 2 КО) 30 наурызда АҚШ-тың Пенсильвания штатында өтетін Гвоздик – Нгумбу бокс кешінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы – пуэрторикалық 27 жастағы Хосе Лопес (11-1, 9 КО). Жартылай орта салмақта өтетін кездесу сегіз раундқа жоспарланған. 

Уәлихановтың салмағы – 141,3 фунт (64,09 келі), Лопестікі – 141,5 (64,1 келі).

Бокс кешінің басты кездесуі – украиналық Александр Гвоздик (16-0, 13 КО) пен француз боксшысы Дуду Нгумбу (38-8, 14 КО) жекпе-жегі.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz