Қазақстандықтар 100 теңгеден қате тауып алды

Қазақстан тұрғындары 2019 жылы шыққан 100 теңгеліктердің қате басылғанын анықтады деп жазады Tengrinews.kz сайтына сілтеме берген KAZ.NUR.KZ.

100 теңгелік монетаның қырындағы júz сөзі қате басылған. Алфавитте белгіленген “ú” әрпінің орнына “y” әріпі қолданылған.

Ұлттық банк кеткен қатені жоққа шығармады. Бірінші деңгейлі банктің мәліметінше, әріптердің қате басылуы компьютерлік жабдықтардың ақаулығына байланысты екен.

Ұлттық банк алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталанбасы үшін қажетті шараларды қолға алғанын, дегенмен де қате басылған монеталар айналымнан шығарылмайтынын айтты.