Қазақстанға Назарбаев пен Тоқаевпен кездесуге Медведев келді

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанға келді, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовпен кездеседі.

Жұмыс кездесулері барысында Медведев Ресей мен Қазақстан қатынастарын, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды, деп хабарлады хатшылық.