Қазақстанға суық антициклон келе жатыр

Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі синоптикалық жағдай солтүстік-батыстан жақындап келетін суық антициклонмен анықталатын болады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ол бұлтты өрістерді біртіндеп таратады, осыған байланысты түнде ауа температурасы минус мәндеріне дейін төмендейді деп күтілуде.

Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпінді жел, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.