Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі тағайындалды – Ел жаңалықтары

Дархан Сатыбалды Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

“Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне”, –  делінген Ақорданың хабарламасында.

Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Дархан Сатыбалды осыған дейін Парламент Сенатының депутаты қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы, 2011-2013 жылдары  премьер-министр канцеляриясының әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2013 жылдан бастап екі жыл бойы Шымкент әкімі, сондай-ақ, 2015-2017 жылдары ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерінде болды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz