Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.