
Қордай асуында алып адамдар өмір сүрген бе? Шырақшы, жергілікті тұрғын Думан ақсақал, Қордай бабаның алып болғанын айтады. Дәл Қордай баба жерленген жартас татсарда алып табан іздері қаып қойғандай тастар көптеп кездеседі. Сонда тасты да балқытып жіберетін не деген табан күші десеңізші. Мұқият, қарасаңыз табан іздерінің түрлі үлгісін байқайсыз. Әсіресе, жаңбыр-қар суына толып қалған табан пішіндес белгілер бізді ерекше қызықтырды. Сонда бұл маңда шындығында да алып адамдар өмір сүрген болар? Ол енді, бір құдайға аян.
Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Қордай ауданы, Жамбыл облысы