
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Қордайдағы оқиғаларға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
“Қозғалған қылмыстық істер өте көп, күн сайын үсті-үстіне қосылып жатыр, өйткені тергеу кезінде жаңа жағдайлар анықталып жатыр … Шамамен әртүрлі эпизодтардағы 90-ға жуық қылмыстық іс болды”, – деді Қожаев.
Оның айтуынша, бүгіндері жүздеген адамнан жауап алынды, осы іс-шараларға қатысушы әр адамның рөлін айқындауға бағытталған процедуралық іс-шаралар жүргізілуде, қажетті тексерулер жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
“Барлық қажетті процедуралық дәлелдемелер алынғаннан кейін кінәлілер жауапқа тартылады”, – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.