Қорғаста елге заңсыз шаян, бұлбұл және тасбақа алып кірмек болғандар ұсталды – Тосын жай

Кеше, 26 наурызда Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында қазақстандық 29 жастағы қыз бен  54 және 55 жастағы екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметіндегілердің мәліметінше, 29 жастағы қыз өзімен бірге 120 дана, жалпы құны 540 000 теңге тұратын LRS 100-24 маркалы импульс қуат көзін алып кірмекші болған.


© ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

“Аталған отрядтың “Нұр-жолы” жолаушылар тексеру бөлімшесінде  қазақстандық 54 және 55 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар өздерімен бірге жолаушылар автобусымен ҚХР-дан 20 боршатышқан (бурундук), 16 ементұмсық (дубонос) текті құс, 24 бұлбұл, 40 тасбақа, 50 тритон және 10 теңіз шаянын елімізге алып кірмек болған”, – деп хабарлады шекара қызметіндегілер.


© ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Заңсыз тауарлар мен жануарлардың актіленіп “Алтынкөл” кеден бекетіне тапсырылғаны айтылады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz