ҚР ІІМ жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өз ведомствасы алдында тұрған міндеттер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен ел аумағында төтенше жағдай енгізілді. Ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген кезекшілік режимге көшті. Басты міндет – қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші маңызды міндет – аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық маңызды объектілерді қорғау. Оның ішінде мемлекеттік органдар мен дипломатиялық өкілдіктерді, – деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, 8 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 4 мың қызметкері тәртіпті қадағалайтын болады.

Полиция жасақтарының саны көбейтілді. Бүгінде құқықтық тәртіпті сақтауға 8 мыңнан астам полиция қызметкері және ұлттық ұланның 4 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылған. Бейнебақылау жүйелері, полиция бөлімінің жедел басқару орталықтары арқылы қоғамдық орындарда бақылау күшейтілді. Патрульдік бағыттар тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға жақын орналасқан. Қазір жеке құрам қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және медициналық қызметтерге көмек көрсетуге, ахуалы нашар елдерден келген адамдарды тексеру үшін медициналық мекемелерге тасымалында еріп жүруге, тәулік бойы карантин мекемелерді күзетуге жұмылдырылып жатыр, – деді министр.