ҚР Президенті Ақордада кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Қыран» компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сондай-ақ әлемдік және отандық IT саладағы негізгі трендтер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттің экономикалық саясатындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Исламбек Салжанов Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін бизнес белсенді атсалысуға әрқашан дайын екенін айтты.

inform.kz