ҚР Президенті Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Арыстағы жарылысқа байланысты  қатаң сөгіс жариялады.

Бұл туралы Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті. «Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылауды әлсіреткені, соның салдарынан Арыс қаласында әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына жол берілгені үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа қатаң сөгіс жарияланды»,- делінген Мемлекет басшысының Өкімінде.