ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.

Сапар аясында өңірдегі бірнеше нысанға барып, жұртшылық өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Мемлекет басшысы отандық химия өнеркәсібінің ту ұстары – «Қазфосфат» ЖШС өндіріс орындарына барады.

Сондай-ақ өз өмірінің құнымен адамдарды террористен құтқарған полицей, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездеседі.

Бұдан бөлек Президент «Ежелгі Тараз» тарихи-археологиялық кешенінің жұмысымен танысады.

«Арай-плаза» бизнес орталығында Жамбыл өңірінің жұртшылығымен кездесу өтетіні көзделген.

inform.kz