ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы табысталады

Бүгін елордада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарын марапаттау шарасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен «ALTYN OIMAQ» дизайнерлердің ұлттық байқауы, «Бизнес кемелділік», «ІСКЕР», «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау шарасы болады. Одан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауының жеңімпаз-лауреаттары және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанттары, сондай-ақ «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы республикалық байқауы жеңімпаздары марапатталмақ.