ҚР СІМ: Тасмағамбетов өз еркімен қызметінен кетті

Ресейдегі Қазақстанның бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов өз еркімен отставкаға кетті, деп мәлімдеді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет дәлізінде журналситерге берген сұқбатында, деп хабарлайды zakon.kz.

– Ол өз еркімен жұмыстан кетті және зейнетке жасына жетуіне де байланысты. Ол кісі бұдан былай енді Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істемейді деп түсінемін мұны, – деді Мұхтар Тілеуберді.

18 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. 9 желтоқсанда ол 63 жасқа толды.