Құлаған ұшақта жүкті әйелді денесімен жауып қалған 23 жастағы жігіт марапатталды

Алматы түбіне құлаған Bek Air ұшағында жүкті әйелді қорғап қалған Темірлан Қадауов марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Алматыдағы ұшақ апаты: Аман қалғандар оқиға туралы баяндады Алматы әкімі ұшақ апатынан мерт болғандардың отбасыларына барды Алматыдағы ұшақ апаты кезінде жас жігіт жүкті әйелді денесімен жапқан Алматы полициясы ғимаратында ішкі істер министрінің бұйрығымен 23 жастағы Темірлан Қадауовқа «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі табыс етілді. Медальді жас батырға қалалық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев тапсырды.