Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сіілтеме жасап.

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын»,- делінген Жарлықтың мәтінінде.