Қытай елдегі мешіттерді қирата бастады

Қытай билігі мешіттер мен мұнараларды қиратуды бастады, деп хабарлайды Lenta.ru.

The Independent басылымының хабарлауынша, Хэнань, Ганьсу, Ішкі Моңғолия және Нинся Хуэй автономды ауданындағы ғимараттар қиратылған. Атап айтқанда, “Қытайдың кішкентай Меккесі” аталатын Линься қаласының жанындағы ауылдағы мешіттің күмбездері мен мұнаралары жарылды. Мұнда Қытайдың ең ірі мұсылмандары – хуэй халқы тұрады. Бұған қоса, билік Юньнаньдегі үш мешітті жауып, бүкіл ел бойынша араб жазуын қолдануға тыйым салды.

Жексенбі, 22 қыркүйек күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео әлемнің барлық елдерін этникалық ұйғырларды қудалау науқанына байланысты Қытайға қарсы тұруға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ Шыңжаң-Ұйғыр автономды аймағында адам құқықтары мен дін еркіндігі құқығын бұзатыны үшін Қытайды үнемі сынап келеді.

– Ал терроризм мәселесіне келетін болсақ, мен Қытайдың Шыңжаңда жүргізіп отырған репрессиясының оған қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Қытайдың өз азаматтарын елден қуып жібергісі келеді… Біз барлық елдерді ұйғырларды өз жерінен қуып отырған Қытайдың әрекетіне қарсы тұруға шақырамыз, – деді Помпео журналистерге.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Нью-Йоркте Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Тәжікстан сыртқы істер министрлерімен кездесуден кейін осы тақырыпты қозғады. Енді Вашингтон бұл мәселені БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында көтеріп, оны Қытаймен талқылайды деп болжануда.

Маусым айында Қытай билігі ұйғыр мұсылмандары мен қытайдың тағы бір халқын лагерлерде тұтқында ұстап, азаптағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жердегі қателік – “білім беру және кәсіптік оқыту орталықтары” концентрациялық лагерлер деп сипатталады, деген болатын Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Чжан Ханьхуэ.

2018 жылдың тамызында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында жабық лагерьлерде кемінде миллионға жуық адам қамалып отыр деп мәлімдеді, онда тұтқындар қайта тәрбиеленуде делінген болатын. Ол жерде тұтқындарды революциялық әндерді айтуға, Си Цзиньпиннің идеяларын оқып, ана тілінде емес қытай тілінде сөйлеуге мәжбүрлейді делінген. Ресми Пекин лагерьлерді аймақтағы террористік әрекеттердің алдын-алуымен байланыстырады. Ал лагерьлерде қайта тәрбиелеуден өткендер онда адамдарды азаптайды дейді.