Қытай келмесін. Жаңаөзенде ірі митинг өтіп жатыр

Жиналған халықтың алдына Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда 55 Қытай зауыты салынады деген ақпаратқа жауап ретінде Жаңаөзеннің 500-ге жуық тұрғыны орталық алаңға ереуілге көтерілді. 2 қыркүйекте басталған митинг әлі жалғасуда.

– Халық өз пікірін білдіруге шықты. Облыс әкімі алаңға келіп, шынында да Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісім аясында 27 млрд долларға машина құрастыру, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен, мұнай-химия-фармацевтика өнеркәсібі, мұнай-газ саласы және энергетика саласына қатысты басқа көптеген жобалар бойынша қазақ-қытайлық бірлескен 55 кәсіпорын туралы мәміле бар екенін жеткізді. Бірақ ол кәсіпорындардың бәрі бірдей біздің облыс аумағында салынбайды, Қытай тарапы тек технология, жаңа біліктілік пен білім, инвестиция жеткізетінін, ал Қазақстан жобаларды жүзеге асырып, бюджетке кіріс алатынын айтты. Оның үстіне, Қазақстан көпвекторлық саясат ұстанады, бірлескен жобалар тек Қытаймен ғана емес, Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Франция және басқа да елдермен жүзеге асырылып отырғанын жеткізді. Сонымен бірге, әкім Қытайдың Қазақстанға өзінің ескі зауыттарын көшірмейтінін қадап айтты, – деп түсіндірді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкіммен кездесу барысында адамдар Қытай кәсіпорындары құрылысы туралы нақты жауапты ел Президентінің аузынан күтетінін айтты.

Соңғы ақпарат бойынша, алаңға шыққандардың көпшілігі үйлеріне тарап кетсе, қалған бөлігі әлі де алаңда тұр