Ресей Қырымға әскери ұшақтарын аттандырды

Украина барлау Басқармасы «Ресей Қырымдағы әскери күштерін күшейту  үстінде» деп мәлімдеме жасады. Әңгіме Ресейдің  Қырымға жедел түрде Су-27,  Су-30   сияқты жойғыш  ұшақтар  тобын  аттандыруы.Украина  барлау  басқармасының өкілі Вадим Скибицкийдің  айтуынша, бұл  ұшақтар тек  қана  Қара  теңіз аймағын  ғана  емес,Украинаның бүкіл территориясын  бақылауға  алу мүмкіндігіне ие екен. Сондай-ақ барлау  басқарамасының  өкілі 1,5 мың  шақырым  жерден соққы бере алатын «Калибр» зымырандарымен  қаруланған алты сүңгуір қайық Ресейдің Қара теңіздегі  флотына келіп  қосылды дейді. Оның айтуынша «Ресей  Қырымдағы әскери  топтарын  осылайша  күшейте  отырып,  Украинаның  тәуелсіздігіне,  тұтастығана  қауіп төндіруде» екен. Бұдан  сәл  бұрын Украина  президенті «Ресей тарапынан  агерссия болуы  мүмкін»  деп, ол елмен  шекараға украин  әскери бөлімдерін жақындатқан  еді. Бір айта кететін  жайт, бірер ай  бұрын Ресей Қырымға С-400  зениттік –зымырандық  кешендерінің  жаңа тобын   орналастырған. Жақында  Керчь түбегінде болған Ресей мен Украина  арасындағы текетірестен кейін   екі  елде  сол маңдағы  әскерлерін  күшейтуді  қолға  алды. Ал  бұның  арты  неге  апарып  соқтырады?  Әзірге  белгісіз. Бір  белгілі жайт,  Азов  теңізіндегі қақтығыстан кейін Порошенко НАТО-дан әскери кемелерін  Қара теңізге кіргізуді,  осылайша  украиндықтарды  қолдауды  сұраған. Демек  Ресейдің  Қырымдағы  күштерін  жедел топтап,  күшейтуі  осының  әсері  болуы мүмкін.