Ресейде «мәжбүрлі жемқорлық» үшін жазаламау ұсынылды – Жаһан

84

Ресейдің Әділет министрлігі заңнама дайындап жатыр. Бұл заң жобасы бойынша жемқорлық амалсыздан жасалғаны анықталса, ол үшін жаза қолданылмайды, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Мәжбүрлі жемқорлық» болған-болмағанын анықтау қоғамдық талқылау арқылы іске асырылмақ. Бұл норма «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Федералдық заңға енгізу жоспарланып отыр.

Ресейдің Әділет министрлігінің мәліметінше, тергеудің заңдылығы мен әділдігін арнайы комиссия жүргізуі тиіс. Бұл үшін заңға арнайы өзгерістер енбек. Қоғамды талқылау 2018 жылдың 8 ақпанында аяқталады деп жоспарланған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz