Ресейлік шоумен “Брат-3” фильміне кімдер түсуі мүмкін екенін айтты – Жаһан

Шоумен Стас Барецкий “Брат-3″. Младший” фильмін түсіруді жоспарлап жатыр, – деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, фильмнің басты рөлдерін Вячеслав Дацик (Рыжий Тарзан атымен танымал ресейлік аралас жекпе-жек шебері және тай боксшысы) мен Никита Джигурда сомдайды. Оған қоса түсірілімге балет әртісі Анастасия Волочкова және қолының үлкен бұлшық етімен Интернетте танымал болған Кирилл Терешин (Руки-базуки) келісіміндерін берген. Барецкий  “Ленинград” тобының жетекшісі Сергей Шнуров фильмге саундтрек жазуға кірісіп кеткенін мәлімдеді.

“Шнуров өз келісімін берді. Мен Шевчукке танысы арқылы жүгінгем. Юрий Юлианович мінезі ауыр адам, бірақ оның өлеңдері сәтті шығады. Бұл фильмде музыка көп болады. Алдыңғы фильмдер секілді әртүрлі болмақшы”, – деді Барецкий.

Сонымен қатар Шоумен рэпер Птаха бұл фильмге қызығушылығын білдіргенін айтты.

“Рэпер Птаха қатысқысы келетінін айтты. Енді біз ән жайлы ақылдасамыз. Мүмкін оны бір эпизодта түсіреміз”, – деді агенттіктің өкілі.  

Сергей Бодровтың бұрынғы жары Светлана фильмге қатысты пікір білдірмеді. Алексей Балабановтың “Брат” және”Брат-2″ фильмдерінің продюсері Сергей Сельянов Барецкийдің бұл жоспарын өзіне назар аударту үшін жасалып жатқанын айтты. Продюсер Барецкиге осы ісі үшін оның үстіне сотқа арызданаты жайлы әлі айтпаған. Барецкий болса Балабановтың бұл фильмінің жалғасын түсіру үшін оған ешқандай автордың рұқсаты керек еместігін мәлімдеді. 

Стас Барецкий ресейлік шоумен және әнші. 2005-2008 жылдары “Ленинград” тобында өнер көрсеткен. “Елочные игрушки” тобымен қосылып жеті жеке альбом шығарған. 2013 жылы оның жерлеу қызметі агенттігінде қызметкер екені хабарланған.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz