Роналду хет-трик жасап, “Ювентусты” ЧЛ 1/4 финалына шығарды – Футбол

“Ювентус” пен “Атлетико” арасында Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчы өтті, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Италиялық “Ювентус” өз алаңында испаниялық клубты 3:0 есебімен жеңді. Криштиану Роналду хет-трик авторы атанды. Ол 27-ші және 49-ші минуттарда баспен гол соққан. Ал 86-шы минутта пенальтиді дәл орындап, екі ойынның қорытындысы бойынша “Ювентусты” ширек финалға алып шықты.

Осыған дейінгі кездесуде “Атлетико” 2:0 есебімен жеңген еді. Осылайша “Ювентус” 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті.

Қатар өткен басқа матчта “Манчестер Сити” 7:0 есебімен “Шалькені” ойсырата жеңді. Дубльді Серхио Агуэро жасады, ол 35-шы минутта айып добын соқты. 38-шы минутта ойын кезінде есептті тағы да өзгертті. Ал ойынның 42-шы минутында Лерой Сане көзге түсіп есепті ұлғайтты. Оған қоса ол үш нәтижелі пас шығарды. Қалған голдардың авторлары: 56-шы минутта – Рахим Стерлинг, 71-шы минутта – Бернарду Силва, 78-шы минутта – Фил Фоден, 84-шы минутта – Габриэл Жезус. Бірінші матчта 3:2 есебімен қонақта болған ойында “Сити” жеңіске жеткен. Қос ойынның нәтижесі бойынша 10:2 есебімен “Манчестер Сити” жеңді. 

Бұған дейін “Манчестер Юнайтед” қонақта франциялық ПСЖ-ны 3:1 есебімен ұтып, қонақта соққан голының арқасында ширек финалға жолдама алған болатын. Екі ойыннан кейін 3:3 (0:2, 3:1) есебі тіркелді. 

Ал португалиялық “Порту” италиялық “Романы” 4:3 (1:2, 3:1) есебімен жеңді. Англиялық “Тоттенхэм” немістің  “Боруссиясын” (Дортмунд) 4:0 (3:0, 1:0) есебімен ойсырата  ұтқан. Ал голландиялық “Аякс” испаниялық “Реалды” 5:3 (1:2, 4:1) есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазын жарыстан шығарып тастады. 

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы “Барселона” (Испания) – “Лион” (Франция) және “Бавария” (Германия) – “Ливерпуль” (Англия) командаларының қарымта матчтарымен аяқталады. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz