Роналду ойын кезінде мұрнын бұзды – Футбол

Криштиану Роналду Португалия құрамасына оралғалы бері сәтсіздіктерге ұшырап келеді. Украинамен (0:0) алғашқы ойында бірнеше рет гол соғатын сәттерді жіберіп алды. Ал Сербияға қарсы ойын кезінде жарақаттанып қалды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

28-минутта Роналду допқа ұмтыла бергенде тамыры тартылып, оған дәрігерлер көмегіне жүгінуге тура келген. Ал 31-минутта оның орнына басқа ойыншы шықты.

Оның үстіне ойын басында ол мұрнын сындырып алған болатын. Жарақаттың қаншалықты ауыр екені кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Роналду ойнайтын “Ювентус” Италия чемпионатының келесі турында “Эмполи”, “Кальяри” және “Миланмен”, ал 9 сәуірде туриндіктер Чемпиондар лигасының 1/4 финалында голландиялық “Аякспен” матч өткізеді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz