Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті

Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетіп, Швецияға барды. 

“Ол отбасымен бірге өзіне шекарасын ашқан Швецияға ұшып кетті. Бұл саяси баспана емес. Қазір ол азаматтық алу немесе алмауды шешетін болады”, – деді адвокат Айман Умарова.

Белгілі болғандай, Сауытбай 2018 жылдың мамыр айының ортасында Қытай шекарасынан өтті.

Сауытбай 2018 жылдың мамыр айының ортасында отбасымен көрісу үшін Қытай шекарасынан өтті. Бұрын оның күйеуі мен екі баласы Қазақстанға қоныс аударып, осы елдің азаматтығын алған. Алайда, әйел отбасына қосыла алмады. Оның айтуынша, Қытайда ол бюджеттік ұйымда жұмыс істеген, сондықтан Қытай билігі оның туыстарымен бірігуіне кедергі жасады.

2018 жылы 1 тамызда Жаркент қаласында Қытайдан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай ісі бойынша шешім қабылданды. Ол Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткеніне кінәлі деп танылған еді. Сайрагүл Сауытбай алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сот оған Қазақстаннан шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындамауды шешті. Сайрагүл Сауытбайды сот залынан босатты.

 

kaz.tengrinews.kz