Samsung смартфондарынан Facebook қосымшасын өшіру мүмкін болмады – Гаджеттер

Samsung смартфонын қолданушылар телефоннан Facebook қосымшасын өшіру мүмкін еместігін айтып, шағымданды, – деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Фотограф Ник Уинк Samsung Galaxy S8 смартфонын сатып алған. Онда Facebook қосымшасы орнатылып қойған болып шықты. Кейінірек ол қосымшаның жұмысын тек тоқтатып қоя алатынын және оны мүлде өшіріп тастай алмайтынын білген.

“Егер мен Facebook желісінен құтылғым келсе де, ол бәрібір де менің телефонымда қалады. Бұл біршама сұрақтардың суындауына себепші. Олар мекенжай бойынша сіздің мәліметтеріңізді біле ала ма?”, – деді Уинк. 

Facebook ресми өкілдері қосымшаның жұмысын тоқтату өшіргенмен бірдей екенін түсіндірді және ешқандай да мәлімет жинап, оны компанияға жібермейтінін айтты. 

Bloomberg мәліметінше, қосымшаның өшірілмеуі смартфонды өндірушімен келісім бойынша жүзеге асырылады екен. Айта кетейік, Samsung және Facebook компаниялары осы келісім туралы пікір беруден бас тартқан.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz