Санитарлық бақылаудың күшейтілген 4-кезеңі: Қазақстан қандай әуе рейстері тоқтатылды

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық кейбір әуе бағыттар бойынша рейстердің тоқтатылуы және қысқартылуы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Сондықтан, 2020 жылдың 1 наурызынан бастап карантиндік шаралар қолданылатын елдердің тізімі кеңейтіліп, санитарлық бақылаудың күшейтілген 4-кезеңі енгізілді.

Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық жоспарланған рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап тоқтатылды.

2020 жылдың 1 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеулбағыттарындағы тұрақты рейстер саны аптасына 9-дан 3 рейске қысқарды:

Эйр Астана әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Сеул бағыты бойынша аптасына 2 рейстің біреуін; Алматы – Сеул бағыты бойынша аптасына 5 рейсті 1 рейске дейін және Asiana Airlines аптасына 2 рейстің біреуін қысқартты.

Mahan Air әуе компаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстер 1 наурыздан бастап толықтай тоқтатылды (аптасына 1 рейс).

5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Баку рейсі де тоқтатылды. Алматы – Баку рейсі 5-тен 2-ге рейске дейін (Эйр Астана 3-тен 1-рейске дейін, Әзірбайжан әуе жолдары 2-ден 1-рейске дейін) және Ақтау-Баку рейсі 7 рейстен 1 рейске (SCAT) шектелген.

Нұр-Сұлтан – Токио – 2-ден 1 рейске дейін (SCAT) қысқарды.

Осы рейстердің уақытша шектелуіне байланысты, яғни жоғарыда аталған рейстер үшін 2020 жылдың 1 наурызынан бастап билеті бар жолаушылар оны сатып алған жеріне қайтарып, айыппұлсыз және толық көлемде ақшасын ала алады.

2020 жылдың 3 наурыздан бастап “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ негізінде короновирус жағдайын бақылауға бағытталған ситуациялық орталық жоспарлы түрде жұмыс істей бастады. Орталық Қазақстанға тұрақты және тұрақты емес рейстер жасайтын елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізеді. Жолаушылар үшін әуе билеттерін қайтару мәселесі бойынша кеңес алу үшін “Қазақстан Авиация басқармасы” АҚ сенім телефонына хабарласуға болады: 8 (7172) 64 58 41. Жұмыс кестесі/жұмыс күндері: (5/2) 09.00-ден 18.00-ге дейін.