Сарапшы ақшаны қандай валютада сақтау керегін айтты

Қор нарығы жөніндегі сарапшы Дмитрий Бабин коронавирус пандемиясы кезінде ақшаны қандай валютада сақтау тиімді екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бірнеше айға ақша жинағыңыз келсе, қаржыңызды швейцариялық франкте сақтау керек. Бұл ең тұрақты валюта болып саналады.

“Соңғы жарты жылда еуроаймаққа кірмейтін елдердің валюталары өздерін жақсы жағынан көрсетті. Бұл – швед кроны, швейцариялық франк және дат кронасы. АҚШ долларына қарағанда жыл басынан бері олар тіпті еуродан басым түсті. Алайда ұзақ мерзімде тек швейцариялық франк жетекші позицияны сақтай алды. Өйткені ол тұрақты валюталардың бірі болып саналады”, – дейді Дмитрий Бабин.

Сарапшы АҚШ-тың сыртқы сауда саясатындағы жоғары геосаяси тәуекелдерді, Еуропалық Одақ экономикасының проблемаларын және пандемияның екінші толқынының қаупін ескеру керегін атап өтті. Осы факторларға байланысты басқа еуропалық валюталар, оның ішінде еуроға деген сұраныс алдағы уақытта күрт төмендеуі мүмкін.

“Доллар бағамы да тұрақсыз болуы мүмкін. Оған себеп – қарашада өтетін президент сайлауы, АҚШ-тың ішкі саясатындағы нақтылықтың болмауы, елдегі азаматтық толқулар мен федералды резервтік жүйенің ультра жұмсақ монетарлық саясаты. Сондықтан швейцариялық франк тұрақты валютаның бірі болады”, – ол.