Сарыағаш қаласындағы тоғыз дүкен өртке оранды

Сағат 04:40-те Сарыағаштағы “Рамазан” суару каналының бойында жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрайтын тоғыз дүкен өртке оранды.

Өрт салдарынан жақын маңда тұрған “ГАЗель” маркалы автокөлігі де жанып кеткен. Өрт тек сағат 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жедел әрекет ету тобының күштері, кезекшілік жедел-тергеу тобы, жалпы 36 адам және тоғыз техника жұмылдырылды.